АМӨЗ директоры енді сырттай сайланбақ

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің жаңа директорын «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» ҚР Заңының 49-бабының 1-тармағына, Жарғысының 7-бабының 72-тармағына сәйкес сырттай дауыс беру арқылы сайлау туралы шешім қабылданды.

АМӨЗ» ЖШС Бас директорының (Басқарма төрағасының) өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сайлау және өкілеттік мерзімін анықтау мәселесі аталған серіктестік қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының қарауына шығарылды. Сырттай дауыс беру бюллетень нысаны бойынша жүргізіледі. Бюллетеньді anpz.kz сайтынан жүктеп алуға болады. Бюллетеньдер қатысушыларға 8 сәуір күні берілді. Оларды қабылдау 9 сәуір сағат 16:00-де аяқталады.

Амандық АБДОЛ