Исатайда дене шынықтыру және сауықтыруға арналған қос кешен салынбақ

Исатай ауданындағы Нарын және Зинеден ауылдық округтерінде дене шынықтыру және сауықтыру кешендері бой көтереді,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Нысандар заманауи құралдармен жабдықталып, медициналық және жаттықтыру кабинеттерімен толықтырылмақ.
- Спорт кешендердің құрылысы сәуір айында басталып, 2025 жылдың қарашасында аяқталады деп жоспарланып отыр. Нарын ауылына мердігер мекеме «Атырау Эксперт Проект» ЖШС болып анықталса, Зинеден ауылдық округінікі — «Батыс Котло Монтаж» ЖШС,- деді Исатай аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Алтынбек Қуанғали.
Айта кетейік, мұндай спорт кешендері Аққыстау, Тұщықұдық, Х.Ерғалиев, Исатай ауылдарында салынған. Сондай-ақ ауданда 29 спорт алаңы бар.