Қорғаныс министрлігі ұшқыштардың Астанадағы парадқа қалай дайындалып жатқанын көрсетті

Қорғаныс министрлігі 7 мамыр күні Астанада өтетін әскери парадқа қатысатын авиацияның жаттығу кадрларын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің мәліметінше, ұшқыштардың өнері Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шараның ең әсерлі сәттерінің бірі болмақ.

"Астана аспанында майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшу аппараты сап түзейді. Әскери ұшқыштар күнделікті жаттығуда тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен көрерменді әуе техникасының үйлесімділігімен, көркемділігімен және күшімен таң қалдыру үшін ұшудың барлық қырларын пысықтап жатыр", - деп атап өтті ведомство.

Фото: бейнеден кадр