Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, тазалық әр адамнан, әр үйден, әр көшеден және әр қаладан басталуы керек.
«Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай біз «80 жылдыққа – 80 ағаш» атты экологиялық акцияны бастадық. Астананың Ботаникалық бағында Бас прокуратура қызметкерлері 80 түп көшет отырғызды.
Бұл акцияға еліміздің барлық өңірлеріндегі прокуратура органдары белсене қатысады. Бұл – Отан қорғаушыларға деген құрмет пен болашақ ұрпақ үшін табиғатты сақтау жолындағы үлес.
Әрбір азамат жасыл желекке ұқыпты қараудың маңыздылығын түсінеді — бұл «Адал азамат» ұстанымын ұстанатын адамның саналы таңдауы.
Әрбір ағаш — бұл қаланың тынысы, оның өмірі мен болашағы.
Берік Асылов,
ҚР Бас прокуроры