Атырау облысында соңғы бір жылда ата-аналар сәбилеріне дәстүрлі де, ерекше есімдерді де беруді жалғастыруда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Мұхаммед, Хамза және Айша — ең танымал есімдер қатарында қалып отыр. Ал Амилия мен Леон сынды сирек кездесетін есімдер — нағыз жаңалыққа айналуда.
Stat.gov.kz сайтының мәліметінше, 2024 жылдың 4 сәуірінен 2025 жылдың 4 сәуіріне дейінгі аралықта Атырау облысында қызықты үрдіс байқалды: көп ата-ана дәстүрлі қазақ есімдерін таңдаса, кейбірі ерекше, сирек кездесетін есімдерді таңдауды жөн көрген.
Ендеше, сіздердің назарларыңызға өңірде дүниеге келген нәрестелерге қойылған ең танымал және ең сирек кездесетін есімдердің үздік ондығын ұсынамыз.
Аман ШАМАР
Фото: ru.freepik.com