Полицейлер атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды тапсыру ережелерін түсіндірді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, 21 сәуірден бастап облыс аумағында заңсыз сақталған атыс қаруы, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды тапсырған азаматтарға сыйақы беріледі. Сыйақы мөлшері:
• автоматты қару – 100 АЕК-ке дейін;
• ұзын ұңғылы қару – 50 АЕК-ке дейін;
• қысқа ойық ұңғылы қару – 40 АЕК дейін;
• тегіс ұңғылы қару – 30 АЕК дейін;
• жарақат салатын қару – 10 АЕК дейін;
• граната, мина, артиллериялық снаряд – 7 АЕК дейін;
• жарылғыш заттар – 6 АЕК дейін;
• Және иір ойықты атыс қарудың оқ дәрілері қабылданады.
"Аталған заттарды Атырау қалалық полиция басқармасына немесе аудандық полиция бөлімдеріне тапсыра аласыз. Ақция барысында заңсыз сақталудағы атыс қаруын тапсырған тұлғалар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ