Талғат Жұмағалиев - Қазақстан Кубогінің екі дүркін жеңімпазы атанды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
3-6 сәуір аралығында Астана қаласында Грэпплинг UWW бойынша Қазақстан Республикасының кубогі өтті. Жарысқа жалпы саны 1400-ге жуық спортшы қатысты. Онда жылыойлық Талғат Жұмағалиев 62 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, чемпион атанды!
Айта кетсек, жарыс жеңімпаздары Азия чемпионатына жолдама алып отыр.
Амандық АБДОЛ