Индер ауданында футбол және ангар типті күрес кешені салынады

Индер ауданы Индербор кентінде 136 адамға арналған спорт кешенінің құрылысын сәуір айында бастау жоспарлануда,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Нысанда футбол және күрес залы, ерлер мен әйелдерге арналған гардероб,мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған жуыну бөлмесі, дәрігер мен жаттықтырушыларға арналған кабинет қарастырылған.
- Ауданымыздан футбол және ангар типті күрес залының құрылысын салуға мердігер “АймарСтройСервис” ЖШС жеңімпаз танылып, келісімшарт жасақталды. Техникалық қадағалаушы - “Building Control” ЖШС. Құрылыс жұмыстары 10 айға созылады деп жоспарланып отыр,- деді Индер аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы Мирас Ибраев.
Айта кетейік, осы жылы Индер ауданының Бөдене және Елтай ауылдарында да спорт кешенінің құрылысын бастау көзделіп отыр. Қазіргі таңда аталған нысандарға ЖСҚ жасақталып, мердігер мекеме анықталған.