Атырау қаласында жол жөндеу жұмыстары басталды

Атырау қаласында жол жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қазіргі уақытта Қаныш Сәтпаев даңғылында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қалалық әкімдіктен білгеніміздей, биыл жалпы 50 мың шаршы метр жол жабынына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ой-шұңқырлар қалпына келтірілмек.

Айта кетейік, бұған дейін орташа жөндеу жұмыстарына байланысты 1 сәуірден бастап Жарбосынов көшесінің Құрманғазы және Ерниязов көшелері арасындағы бөлігі уақытша жабылған болатын.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ