«Ақжайық Аруы» қалалық арулар байқауының жеңімпазы белгілі болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Ол – Дильнара Жәнібекова! Атырау қаласы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі және Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының ұйымдастыруымен қалалық «Ақжайық аруы» байқауы өтті. Онда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті атынан қатысқан көптілді білім беру факультетінің 2-курс студенті Дильнара Жәнібекова өзінің сымбаттылығымен, зияткерлігімен және өз-өзіне сенімділігімен ерекшеленіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Сөйтіп, бірінші орынды жеңіп алған ол облыстық байқауға жолдама алды.
Айта кетейік, бұл байқаудың мақсаты – жастарды ұлттық құндылықтарды бағалауға, шығармашылыққа, рухани байлыққа және сұлулыққа баулу.
Амандық АБДОЛ