Құлсары қаласының басты көшелеріне жаңаша реңк беретін ерекше бастама қолға алынды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қала орталығындағы бес үйдің қасбеті қазақтың ұлы тұлғаларының бейнелері мен дана сөздерімен безендірілуде. Аудан әкімдігінен білгеніміздей, аталған жоба қаланың көрікті келбетін арттырып қана қоймай, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға және өскелең ұрпаққа рухани тәрбие беруге бағытталған. Қала ажарын айшықтайтын бұл жұмыстар жақын арада толық аяқталып, тұрғындар игілігіне ұсынылмақ.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ