Бұл туралы облыстық энергетика басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Индербор кентінің Барлаушы мөлтек ауданындағы Б.Қабиев, Асанқайғы, С.Нұрқасимов, Қ.Бектұрғанов, Керей хан, Бөкей хан, Ә.Марғұлан көшелері мен Көктем мөлтек ауданында - Ж.Кенжетаев, М.Халимов, Д.Қаракерей, Д.Нұрпейсова, Алғабас-2 көшесі, Ақжайық, Атырау, Сарайшық, Береке көшелері және Подстанция мөлтек ауданында - Көктем-2, Достық, С.Габдуллин, Нұрманов көшелеріне жаңадан бағана орнату және әуе электр желісін тарту жұмыстары жүргізілді.
Құрылыс жұмыстары барысында 640 дана бағана орнатылып, 12 800 метр электр желісі мен көше жарығы және тұрғын үйлерге 4×35-тік СИП кабель тартылды.
Күні бүгінде “АсылТау” ЖШС мердігер мекемесі құрылыс жұмыстарын аяқтап, “Атырау Жарық” АҚ мекемесі арқылы жарық іске қосылды. Барлығы жұмысқа 3 техника мен 10 адам жұмылдырылды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ