Дидар Сыдықбек — “Атырау” футбол клубының жаңа бас менеджері, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
32 жастағы қазақстандық функционер Дидар Бақытбекұлы Сыдықбек “Атырау” футбол клубының бас менеджері болып тағайындалды. Бұл туралы аталған клубтың баспасөз қызметі мәлім етті.
Алматы қаласының тумасы футболшы ретінде “Қызылжар”, “Астана-1964”, “Ақтөбе” және “Ордабасы” клубтарының намысын қорғады. Мансабын аяқтаған соң “Прогресс KZ” талдау қызметінің жетекшісі, “ИТЦ” АҚ бақылау бөлімінің санат маманы және «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының» жобалық кеңсе үйлестірушісі лауазымдарын атқарды.
Футболдағы басшылық қызметін SD Family Group директоры ретінде бастап, Қазақстан Медиа-футбол федерациясының президенті деңгейіне дейін көтерілді.
Сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясы жүргізген “Алаң” инфрақұрылымдық жобасының кеңесшісі ретінде еңбек етті.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ