Мақатта 10 отбасы баспаналы болды

Аудан халқының өмір сүру сапасын арттырып, тұрғын үймен қамтамасыз ету барысында Мақат және Доссор кентінен 5 жаңа тұрғын үйдің кілті 10 отбасыға салтанатты түрде табысталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Салтанатты іс-шарада аудан әкімі Азамат Мәмбетов ізгі тілегін жеткізіп, баспана иелелерін жаңа қоныстарымен құттықтады. Бұл туралы аудан әкімдігі мәлім етті. Сондай-ақ, ауданда баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.

Айта кетейік, аталған тұрғын үйлер жалғыз үйі ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға берілді.

Амандық АБДОЛ