Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"26 наурыз күні сағат 07:30 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахан тасжолының 575-шақырымы тұсында Toyota Coaster автобусы мен Lada Vesta жеңіл көлігі арасында жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан оқиға орнында үш адам қаза болды, екі адам әртүрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ