Атырауда тұтынушыларға қызмет көрсететін жаңа орталық ашылды

Атырау қаласында 27 наурыз күні «Атырау облысы Су арнасы» КМК-ның тұтынушыларға қызмет көрсетететін жаңа орталығы өз жұмысын бастады,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникацилар қызметі.

Орталық су және кәріз жүйесіне қатысты қызмет сапасын арттыруға және тұрғындар үшін ыңғайлы жағдай жасауға бағытталған.

-Бүгінде біз тұтынушыларға барынша ыңғайлы жағдай жасауға ұмтыламыз. Жаңа орталық қызметтерді бір жерде шоғырландыру арқылы уақытты үнемдеуге, сапалы кеңес алуға және мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді. Бұл — ашықтық пен тиімділікті арттыру жолындағы нақты қадам. Әрбір абонентке қолайлы жағдай жасау — біздің басты міндетіміз,- деді Атырау облысы Су арнасы директорының орынбасары Бақтияр Хамидуллаев.

Жаңа орталықта жеке және заңды тұлғалар төмендегідей қызмет түрлерін ала алады:

— Су және кәріз жүйесіне қосылуға өтінім беру;

— Төлемдер мен есеп айырысу бойынша кеңес алу;

— Келісім-шарттар мен қабылдап-тапсыру актілерін рәсімдеу;

— Техникалық қызмет көрсету мәселелерін шешу;

— Берешек туралы ақпарат алып, төлем жасау.

Орталықтың мекенжайы: Атырау қаласы, Әуэзов көшесі, 80. Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күндері, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Атырау облысы Су арнасы КМК тұрғындарды жаңа қызмет көрсету орталығына келіп, өздерін толғандырып жүрген мәселелерге жауап алуға шақырады. Сонымен қатар орталық қызметкерлері тұтынушылардың ұсыныстары мен пікірлеріне де құлақ асады.