Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Денис Теннің жетістігін қайталады

Мәнерлеп сырғанаудан Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатында қазақстандық Михаил Шайдоров чемпион атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыз қоссайыста карьерасындағы ең көп ұпай - 285.10-ды жинады.

1 орын - Михаил Шайдоров - 285.10 ұпай.

2 орын - Ча Жун Хван (Харбиндегі қысқы Азия ойындарының чемпионы) - 265.02 ұпай.

33 орын - Джимми Ма - 245.01 ұпай.

Төрт құрлық чемпионаты 1999 жылдан бері өткізіліп келеді. Дәл осыдан 10 жыл бұрын марқұм Денис Тен де Сеул төрінде чемпион атанған.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров осыған дейін Денис Тен мемориалында алтын медаль алған болатын. Ол бірінші орын алып қана қоймай, сондай-ақ қысқа бағдарламада 95,50 ұпай жинап, жеке рекордқа қол жеткізді.

Фото Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі