Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі бойынша С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Сотпен анықталғандай, С. көлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, Махамбет ауылында «ВАЗ-21154» маркалы автокөлігін масаң күйде басқарған.
Құқық бұзушының кінәсі өзінің мойындау жауабымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, медициналық қорытындымен және бейнежазбамен дәлелденді.
Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ