Индер ауданының әкімі Серік Бағытжанұлы жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатының қола жүлдегері, Жарсуаттық Бекнұр Қойшыбаевты қабылдап, жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Ағымдағы жылдың 19 ақпанда Бекнұр Бекболұлы Алматы қаласында өткен жастар арасындағы Қазақстан біріншілігінің чемпионатында қола жүлдегер атанды.
Бекнұр бұған дейін де жастар мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты турнирлары мен Нью-Йоркте, Африкада өткен Халықаралық турнирлердің жеңімпазы. 2022 жылы Астана қаласында өткен ҚР Президентінің кубогінің алтын жүлдегері. Сонымен қатар, Алматы және Ақтөбе қалаларында өткен Қазақстан біріншіліктерінде қола және күміс жүлдегері атанған. Еркін күрестен ҚР спорт шебері.
- Осы орайда, мен өз атымнан және аудан тұрғындары атынан Бекнұр Қойшыбаевты және оның бапкері Дархан Измұхановқа шынайы алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да Сіздерге зор денсаулық пен жаңа жетістіктер тілеймін, – деген аудан басшысы аудан әкімдігінің атынан Алғыс хатпен қаржылай сыйлық табыс етті.
Сәуле МАҒАУ