Исатайда облыстық ақындар айтысы өтуде

Атырау облысында елдік пен бірлікті, туған жердің құндылығын дәріптеу мақсатында «Ерлері ерен, тарихы терең – Нарыным!» атты облыстық ақындар айтысы ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сайысқа қала мен ауданнан келген 12 ақын қатысып жатыр. Олар республикалық айтыс ақындары мен Термешілер одағының облыстық филиалы арқылы іріктелді. 

    ⁃    Іс-шараның басты мақсаты ұлттық рухты көтеру, елдік пен ынтымақты дәріптеу, жас ақындардың шығармашылық әлеуетін арттыру болды. Ақындардың өнерін 5 адамнан құралған қазылар алқасы әділ бағалауда, - деді Исатай аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ринат Есқалиев.

Жүлде қоры бойынша бас жүлдеге 500 мың теңге, І орынға 400 мың теңге, ІІ орын алған екі қатысушыға 300 мың теңгеден, ІІІ орын иеленген қос ақынға 200 мыңнан беріліп, одан бөлек алты қатысушыға 100 мың теңгеден ынталандыру сыйлығы тартылмақ.