Атыраулық науқасқа еш тыртықсыз күрделі ота жасалды

Атырау облыстық ауруханасында тағы бір күрделі ота сәтті өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Дәрігерлер өкпенің кисталы-буллезді трансформациясы диагнозы қойылған науқасқа торакоскопиялық операция жасады. Бұл әдістің басты артықшылығы – науқастың тез қалпына келуі, оңалту кезеңінің қысқаруы және денеде үлкен тыртықтың қалмауы. Отадан кейін бар болғаны 5 күнде науқастың жағдайы қанағаттанарлық болып, үйіне шығарылды. Заманауи медицинаның мүмкіндіктері мен дәрігерлердің жоғары біліктілігі осындай нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беріп отыр!

Отаның қысқаша барысын бейнежазбадан көруге болады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ