Әлеумет

Құрманғазыда көпбалалы аналар баспаналы болды

Құрманғазыда көпбалалы аналар баспаналы болды

Құрманғазы ауданында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай көпбалалы және әлеуметтік осал топ санатындағы отбасылар жаңа баспанаға ие болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атыраулық барбер-әйел көпшілікті сүйсінтті! (+ФОТО)

Атыраулық барбер-әйел көпшілікті сүйсінтті! (+ФОТО)

Барбер – бұл қазіргі таңда сәнге айналған ерлер шаштараздарында, барбершоптарда жұмыс істейтін шаштараз. Барбер ерлерге арналған шаш қию және сақал мен мұрт күтімі бойынша маманданған. Бұл кәсіп тек ер адамдарға арналған деген қате түсінік қалыптасқан. Осындай кең таралған пікірге барбершопта жұмыс істеуді ұйғарған қыздар да тап болады. Солардың бірі – біздің кейіпкеріміз, 25 жастағы барбер Валерия Сафронова, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Мәдина Ғабдісәлімқызы – 90 жаста

Мәдина Ғабдісәлімқызы – 90 жаста

«Ешкім оқып, тәрбиелі болмайды. Тәрбиені көру керек. Иә, отбасында, өз ұясында әке мейірімінен құрышын қандырып, ана сүтінен нәр алып, «әке ұлағаты» мен «ана тағылымын» көріп, «ұят болады» мен «обал боладыны» естіп өскен ұрпақ елін, жерін, халқын сүйетін, елінің болашағын, жұртының қамын ойлайтын, жоғын жоқтайтын, парасатты, ой-өрісі кең, дүниетанымы жоғары, жан-жақты, білімді де білікті, ұлтжанды тұлға болып қалыптасады. Өйткені, «тәрбие тал бесіктен басталады». 

Президент атыраулық краншы әйелді

Президент атыраулық краншы әйелді "Еңбек Даңқымен" марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған салтанатты іс-шарада жиналған барша қауымды көктем мерекесімен шын жүректен құттықтап, әлемге сүйіспеншілікпен қарайтын, жан-жағына жақсылық шарапатын сыйлап жүретін әйелдер қауымына жылы лебізін жеткізген болатын. Сондай-ақ, салтанатты жиында Мемлекет басшысы еліміздің дамуына елеулі еңбек сіңірген, өз саласында жоғары жетістікке жеткен бір топ әйел азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады. Осынау үлкен құрмет пен қошеметке ие болған нәзік жандылардың арасында Атырау қаласындағы «Ақ Жайық-7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кран машинисі Бақытгүл Саңқыбаева да бар, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Серік Шәпкенов атыраулық қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады

Серік Шәпкенов атыраулық қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады

М.Өтемісұлы атындағы академиялық-қазақ драма театрында өткен салтанатты шарада аймақ басшысы Серік Шәпкенов нәзік жандыларды мерекемен құттықтап, бірқатар марапат табыс етті,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Белсенді жастардың аналары ұлықталды

Белсенді жастардың аналары ұлықталды

«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы жанынан құрылған “Жастар рухы” Жастар Қанаты белсенділері жақсы істерге жұмылып, өңірдің жан-жақты дамуына атсалысып жүр. 8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Астана қаласынан жас белсенділердің аналарына “AMANAT” партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің Алғыс хаты жетті. «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасы Абдолла Идресов Алғыс хатты аналарға салтанатты түрде табыс етті.

Атыраулық аналардың екінші тынысы ашылды

Атыраулық аналардың екінші тынысы ашылды

Атырауда өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерге арнап құрылған "Анаға қолдау" әлеуметтік маңызы бар жоба іске қосылды. Орталықта қатысушылар қолдау тауып қана қоймай, жаңа дағдыларды игеріп, өз әлеуетін ашып, сүйікті ісімен айналыса алады, деп хабарлайды АtyrauРress тілшісі.  

Атырауда жерлеудің жаңа қағидалары қарастырылуда

Атырауда жерлеудің жаңа қағидалары қарастырылуда

Ашық дереккөздерде Атырау облыстық мәслихатының "Атырау облысында жерлеу және қабірлерді күту қағидаларын бекіту туралы" шешімінің жобасы талқыланған болатын, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырауда баспана бағдарламасына өтінім қабылдануда

Атырауда баспана бағдарламасына өтінім қабылдануда

Облыста «Атырау аудан жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталады. Былтыр жастар санатындағы 15 адам тұрғын бағдарламасы аясында төлем қабілеттілігін растап, баспанаға ие болды. Бағдарламаны жүйелі түрде іске асыру мақсатында өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 11-31 наурыз аралығында eatyrau.kz порталы арқылы онлайн режимде жүргізіледі,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.