Атырауда өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерге арнап құрылған "Анаға қолдау" әлеуметтік маңызы бар жоба іске қосылды. Орталықта қатысушылар қолдау тауып қана қоймай, жаңа дағдыларды игеріп, өз әлеуетін ашып, сүйікті ісімен айналыса алады, деп хабарлайды АtyrauРress тілшісі.
Орталықтың жұмыс бағыттарының бірі - тігін үйірмесі, онда әйелдер тігіншілік өнерін үйренеді. Оны Атырау қаласының тұрғыны, білікті маман және ерекше баланың анасы Гүлмира Дүйсенова жүргізеді.
"Мен декреттік демалысқа шығып, үйде отырғаннан бері өзімнің жаңа қырларымды аша бастадым. Декрет - бұл көптеген мүмкіндіктерді жүзеге асыру кезеңі. Мысалы, мен тігін ісін осы кезде бастадым және әлі де мықты мамандардан жаңа нәрселерді үйреніп, өзімді дамыта беремін. Енді мен өз тәжірибемді басқа аналармен бөлісемін", - дейді ол.
8 наурыз қарсаңында үйірме қатысушылары алжапқыштар тігеді. Біреулер үшін бұл алғашқы тәжірибе алаңы болды, бірақ оқудың екінші күнінде-ақ олар өздерінің алғашқы бұйымдарын жасап үлгерді. Гүлмира қыздарға қолөнер бұйымдарын жасауды және болашақта оларға көрпе мен жастық жасауды үйретуді жоспарлап отыр.
"Анаға қолдау" орталығы Сұлтан Бейбарыс көшесі, 25 мекен-жайында орналасқан. Қосымша ақпаратты мына сілтемеге өту арқылы алуға болады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: anaga_goldau