Қанша жасқа келсекте тəніміздің жас əрі сұлу болғанын қалаймыз.
Тəннің сұлулығына əсер ететін не нəрсе екенін сұрай қалсақ, бірден бір топ ететін жауап- денсаулық. Тəні сұлу адамның жаны да сұлу. Бұл екі ұғым бір бірімен тікелей байланысты. Жан мен тəн үйлесім тапса нағыз сұлулық байқалады. Білу бөлек нəрсе, түсініп өмірде қолдану тіпті бөлек. Күнделікті өмірде қаншама ақпарат алмасуға үйреніп қалған заманда көп нəрсені білгенмен өмірде қолдана бермейміз. Біздің жанымыз- ішкі рухани көрінісіміздің айнасы. Сөзімнің түп төркіні- біз жанымыздың көрінісіне қаншалықты үңілеміз? Адам жаны мен тəні ерекше жаратылған болмыс. Өкінішке орай көп адам өз тəні мен жанын тыңдауды ұмытады. Соның салдарынан өз- өзін түсінбей, қоғамнан оқшауланады.Үйрену , білудегі ең қызықты нəрсе- өз болмысыңды зерттеу екен. Ол қалай десеңіз, біз өз болмысымызбен жұмыс жасасақ барлық тəнімізді сезінеміз, оның не айтқысы келіп тұрғанын біле аламыз.
Біз қарбалас тіршілік жұмыс деп жүріп өз денеміздің қатып қалғанын да байқамаймыз. Бірақ қазір сылтау айтуға уақыт жоқ, мүмкіндік өте көп. Қатып қалған денеге жаттығудың пайдасы ұшаң- теңіз.Жақында университетімізде осыған байланысты «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы» Атырау музыка колледжінің «Актерлік өнер» мамандығының оқытушысы Байжан Ақназкенмен шеберлік сағаты өтті. Білікті маман ретінде өзінің өмірлік тəжірибесімен қатар, практикалық тұрғыдан білімімен бөлісті. Маманның айтуынша, қандай іс жасамас алдын денеңіз қатып тұрса ешбір іс өнімді жүзеге аспайды. Сол үшін алдымен денені толық босату керек. Ол үшін денені қатты тырыстырып 10 секунд ұстау керек , артынша иықты артқа жіберіп бірнеше секунд ұстап, толықтай денені босату керек. Осы сынды қарапайым жаттығулардың күшін шеберлік сағатында толықтай сезіне алдық.
Тəн сұлулығының бастамасы- омыртқа. Қай ортаға барсаңызда еңсесі тік адам өзіне сенімді, тартымды көрінетіні анық.Омыртқаға арналған жаттығулар- дене бойды қыздырып, энергия береді . Яғни əрбір адам күнделікті уақыт бөліп жаттығу жасаса белсенділік деңгейімен қоса сымбаты да сұлулана түседі. Маманның пікірінше адамның өмір жасының ұзақ болуы- тыныс алуына да байланысты. Дұрыс тыныс алудың өзіндік жаттығулары бар екен. Көбіміздің қателігіміз - дұрыс тыныс алмау. Тыныс алғанда іш шар тəрізді үрленіп ауаға толып, тыныс шығарғанда ауа еркін босап шығуы керек. Дұрыс тыныс алу жаттығулары көптеген аурулардан сақтайды екен. Бізде миға ауа жетпесе энергия болмауы, шаршау, ойдың шашыраңқы болуы, ұйқыға əуестік, құлшыныстың болмауына əкеледі екен. Бір – екі жаттығудың өзінде тұла бойымызға жаңадан энергия құйылғандай болды, бірақ бастапқы уақытта жүрек айну, көз қарауыту сынды белгілер болуы мүмкін. Бұл жаттығуды дұрыс жасағаннан кейінгі əсер екен. Келесі маңызды тақырыптың бірі сөйлеу қабілеті. Кез келген ортада ойды анық , сөздерді таза əдемі айта білудің өзі өнер. Осы тұрғыдан бізге көмекші құрал- тіл. Журналистика мамандығында оқитын болғандықтан сөз біздің қаруымыз.
Меніңше, тек қана бұл мамандық үшін емес, басқа мамандықты таңдасамда сөйлеу шеберлігі маған маңызды əрі өмірімдегі барлық ортаға қажет деп санаймын. Кішкентай білімнің өзі түсінген адамға өмірлік азық.Мені таңғалдырған ақпараттың бірі- дауыстың сүйектерден шығуы.Біздің денеміздегі сүйектердің əрқайсысында өзіндік дыбыс жатыр екен. Оны ояту үшін əртүрлі жаттығулар жасалады.Сөйлеу шеберлігінде жасалған жаттығулар дауысымызды ашық етіп, əдемі үнге түсіргенін байқадым. Екі сағатқа созылған уақыт мен үшін тез өткендей болды. Бірақ осынша уақытты пайдалы əр адамның өмірінде маңызды саналатын білім мен тəжірибе алу маған əрі қарай ізденуге шабыт, ерекше бақыт сыйлады.Осындай құндылығы жоғары білім алуға мүмкіндік берген университет оқытушыларына алғысымды білдіремін. Тəн- біздің барлық сезімдеріміз мен ішкі көрінісімізді көрсетіп тұрады.Иығы түскен , үнемі тырысып жүретін, қас қабағы қатулы, дауысы сенімсіз шығатын адамның ішкі жан дүниесі мен тəні үйлесімдікте деп айта алмаспыз.Барлығы өзіміздің қолымызда, біз дамытуға тырыссақ өзгермейтін нəрсе жоқ. Əдемі үнде табиғаттан берілді дей салу қате, əдемі мүсінге жету үшінде қаншама еңбек қажет.Сондықтан жанымызға рухани азық беріп, оның үнін ести алу керекпіз. Оған не жетіспейді?Ол нені қалайды? Кішігірім сұрақтар арқылы өз болмысымызды зерттеуге қадам басамыз.Əрбір ағзаңыз, дене мүшеңіз үшін алғыс айтып үйренсек, тəн мен жанның үйлесімдігіне жетеміз.
Жанна Зейнуллаева,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Журналистика жəне қоғаммен байланыс мамандығының 3- курс студенті
Фото: ru.freepik.com