Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Құрметті Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары! Көрісу күні мен Наурыз мерекесіне орай 14 және 22 наурыз күндері Атырау қаласы және қалаға қарасты ауылдық округтерде қоғамдық көліктер тегін қатынайды! Бұл ерекше күндері сіздер жақындарыңызбен қауышып, Ұлыстың ұлы күнін кеңінен атап өте аласыздар. Қоғамдық көліктердің тегін жүруі тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасап, мерекелік көңіл-күйді көтеруге мүмкіндік береді" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ