«Наурыз» бағдарламасы: Атырауда өтінімдер қабылдануда

«Наурыз» бағдарламасы бойынша өтінімдер «Baspana Market» жылжымайтын мүлік порталында наурыздың 31-не дейін қабылданады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

💡 Бағдарламаға кімдер қатыса алады?

Бағдарламаға соңғы 5 жыл ішінде меншігінде жылжымайтын мүлкі болмаған барлық қазақстандықтар қатыса алады.

🔹 Қатысу үшін не істеу керек?

1️⃣ Отбасы банкінде депозит ашу (егер жоқ болса). Депозит мерзімі маңызды емес.

2️⃣ Жинақ шотында кемінде 2 млн теңге болуы керек (өтінім берер алдында толықтыруға болады).

3️⃣ Соңғы 5 жыл ішінде өзіңізде және отбасы мүшелеріңізде тұрғын үйдің болмауын растау.

📌 Отбасы мүшелері – жұбайы және кәмелетке толмаған балалары. Егер өтінім беруші үйленбеген/тұрмыс құрмаған болса, тек өзінің жылжымайтын мүлкі тексеріледі.

4️⃣ Соңғы 6 ай ішінде ресми табысыңыздың болуын қамтамасыз ету.

Амандық АБДОЛ