Атырау көлік прокуратурасының басшысы тағайындалды

Атырау өңірлік көлік прокуроры лауазымына Есболат Еділбаев тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress.

Есболат Ерболатұлы еңбек жолын 2007 жылы бастап, Атырау облысының Қызылқоға және Мақат аудандары прокурорының көмекшісі, аға көмекші, Индер ауданы прокурорының орынбасары, облыс прокурорының көмекшісі-аға көмекшісі, облыс прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы бастығының орынбасары, Аппарат басшысы-басқарма бастығы, Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы, Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басқарма прокуроры қызметтерін атқарды. Жалпы құқық қорғау органдарында 18 жыл еңбек еткен.

Фото Gov.kz