Табылды Досымовтың 60 жылдығына орай оның “Волгасы” реставрациядан өтеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов мәлімдеді.
"Биыл қазақтың тұңғыш бард-ақыны Табылды Досымовтың туғанына 60 жыл толады. Осыған орай, облыс әкімі Серік Жамбылұлының тапсырмасымен ақын мінген “Волга” автокөлігі реставрациядан өтетін болады. Бұл игі істі Қайрат Талапұлы Нұртаевпен бірге жүзеге асырудамыз. Табылды Досымовтың мұрасы – халқымыз үшін аса қымбат. Ақынның шығармашылығын дәріптеу, оны болашақ ұрпаққа жеткізу – ортақ парызымыз" дейді ол.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ