Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 147-1-бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылар М. және Н.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.
Сотта анықталғандай, сот процесі кезінде азаматша М. сот отырысы залында тұрған компьютердің мониторын және 3 микрофонды қасақана қолымен қағып сындырып, бүлдірген.
Дәл сол уақытта азаматша Н. сот отырысы залының есігін аяғымен теуіп, сындырып, қасақана бөтен мүлікті бүлдірген.
Құқық бұзушылардың кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарымен дәлелденді.
Сот қаулыларымен құқық бұзушылар әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға әкімшілік айыппұл түріндегі жаза қолданылды.
Сот қаулылары заңды күшіне енді.
Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты