Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Бұл заң Отбасы банкіне ұлттық даму институты мәртебесін және оған тұрғын үй кезегін орталықтандырып жүргізу құқығын береді. Соған сәйкес 24 мамырдан бастап елде тұрғын үй алу кезегінің басқару жүйесі жаңартылып, «Отбасы банк» АҚ-ның «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» базасына ауыстырылады. Өзгеріс тұрғын үй кезегінің ашықтығын арттыруға және процесті жеңілдетуге бағытталған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Әлеумет
Атырау қаласында 66 ардақты ана «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталды. Мемлекеттік наградаларды қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов табыстады.
Атырау қаласында тұрғындары көшірілген апатты тұрғын үйлерді бұзып, аумақты толық тазалау және осы жерлерді абаттандыру жұмыстары жүргізілмек. Бұл бастама қаланың экологиялық жағдайын жақсартып, бос қалған орындарды тиімді пайдалану мақсатында қолға алынуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында 2025 жылды қоғамдағы еңбекқор және нағыз маман идеясын насихаттау мақсатында «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Осыған орай өңірде Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, сонымен бірге Атырау облысы ішкі саясат басқармасы, Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығының бірлесуімен ұйымдастырылған «Томирис» көшбасшы қыздар кездесуі өтті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жұмысшы мамандықтары жылы қарсаңында техникалық мамандар үшін «Наурыз жұмыскер» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Әлеуметтік желіде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап №29 «Атырау–Алматы» жолаушылар пойызының бағыты өзгергені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі atr.kz-ке сілтеме жасап.
Ауданда ауыз су тапшылығын жою мақсатында 11 елді мекендердегі су тазарту имараттарына қайта жаңғырту және бір елдімекенге жаңадан су тазарту имаратын салуға жобалық құжаттама жасақталады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі
Атыраулық 100 зейнеткер шипажайда тегін емделді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Индербор кентінің кіреберісі, яғни “Атырау-Индер” тас жолының "Индербор" белгісінен бастап, "Нэфтэк" жанармай құю бекетіне дейінгі жолдың жарықтандыру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қызыл үй елдімекеніне электр желілері және көше жарығы жүргізіледі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бір кездері біздің ең алыс ауыл газдандырылатыны туралы әңгіме болған кезде, қарапайым тұрғындар, тіпті біз, мемлекеттік қызметкерлер де сенбеген едік.
Биыл Жылыой ауданында бірқатар жаңа нысандар құрылысы қолға алынуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.