Ауданда ауыз су тапшылығын жою мақсатында 11 елді мекендердегі су тазарту имараттарына қайта жаңғырту және бір елдімекенге жаңадан су тазарту имаратын салуға жобалық құжаттама жасақталады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі
Атап айтқанда, Құрманғазы, Кадырка, Жұмекен, Бірлік, Жамбыл, Шортанбай, Дыңғызыл, Теңіз, Орлы, Арна, Хиуаз ауылдарында орналасқан су тазарту имараттарына қайта жаңғырту және Құрманғазы ауылдық округіне қарасты Жапырық және Байтарал елді мекеніне жаңадан су тазарту имараты салынады. Бұл туралы біз аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен білген едік. Аталған елді мекендер ішіндегі Дыңғызыл ауылдық округі Жыланды елді мекенінде орналасқан су тазарту имаратын «Қиғаш-Маңғышылақ» су құбырына қосу қарастырылуда.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ