Махамбет ауданында шабақ құтқару жұмыстары жалғасуда

Махамбет ауданы Есмахан ауылы Бақсай су арнасының тұсында көктемгі өр суынан  бөлініп қалған жайылмадан 180 мың дана сазан, мөңке балық шабағы құтқарылып, Жайық өзеніне жіберілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл  туралы Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы Алмас Жұмашев Өңірлік коммуникациялар қызметіне берген сұхбатында айтты.

-    Балық ресурстары мен басқа да су жануарларына төнген қауіп-қатер және олардың қырылуы анықталған жағдайдағы жоспарлы әрекеттерімізге сәйкес инспекция мүдделі органдардың барлығын хабардар етті. Тірі балық шабақтарын құтқару жұмыстарына жергілікті атқарушы органдар, балық шаруашылығы субъектілерінің қызметкерлері, еріктілер мен сарбаздар және «КазСушар» мекемесінің мамандары жұмылдырылды. Бүгінде бұл жұмыстар жалғасын табуда, - деді А.Жұмашев.

Сәуле МАҒАУ