Мұнайлы мекен Мақат ауданында биыл көптеген әлеуметтік нысан құрылысы жоспарланып отыр. Осыған орай, біз аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы Әсем Қасымнан құрылыс жұмыстарының мән-жайын сұрастырған едік, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
№2 мектепке – 250 орындық жапсарлас ғимарат
Бұған дейін аудан, облыс әкімдерінің тұрғындарымен кездесуде Мақат кентіндегі №2 бастауыш мектебіне жапсарлас ғимарат құрылысын салу жөнінде ұсыныстар көтерілген болатын. Осы ретте биыл көтерілген ұсыныстар негізінде NCOC компаниясының әлеуметтік-инвестициялық жобалары аясында №2 бастауыш мектебіне 250 орындық жапсарлас ғимаратын салу жұмыстары жоспарланып отыр.
Ғимараттың жалпы аумағы – 3319, 30 м2 құрайды. Жоба бойынша мұнда балалардың сапалы білім алу үшін қолайлы жағдай жасалмақ. Ғимараттың аумағына төсемтастар орнатылып, коғалдандырылатын болады.
Одан бөлек, автотұрақ, волейбол, васкетбол және ойын алаңдары салынбақ. Бұл орын тапшылығы бар білім беру мекемесіндегі мәселелердің тиімді шешімін табуға және өз кезегінде білім саласында бірқатар жетістіктерге жетуге мүмкіндік берері анық. Айта кетейік, қазіргі таңда аталған мектепте 124 оқушы білім алуда.
Орталық алаң қайта жанданбақ
Биыл ауданды абаттандыру және көркейту мақсатында және NCOC компаниясының әлеуметтік-инвестициялық жобалары аясында Мақат кентіндегі орталық алаңға қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.
Жоба бойынша алаңға субұрқақ, төсемтастар, жолжиек тастар, жарық шамдары және шағын архитектуралық пішімдемелер орнатылып, аумақ көгалдандырылатын болады.
Одан бөлек, балаларға арналған ойын алаңы мен волейбол, баскетбол алаңдарын салу жоспарланып отыр.
Осы бағыттағы жұмыстар аудан тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге аспақ.
Биыл қандай нысандар пайдалануға беріледі?
Ағымдағы жылы құрылысы аяқталып, пайдалануға берілетін нысандар:
1. Доссор кентінен 3 қатарлы 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысы;
2. Мақат кентінен «MAQAT ARENA» көп салалы спорт залының құрылысы;
3. Мақат кентіндегі батыс кіре беріс жолына «MAQAT AUDANYNA 100 JYL» атты аркасының құрылысы;
4. Бәйгетөбе ауылынан денешынықтыру-сауықтыру спорт кешенінің құрылысы;
5. Мақат кентінен кентішілік 14 шақырым автокөлік жолдарының құрылысы;
6. Бәйгетөбе ауылдық округі мен Доссор кентінен жеке тұрғын үй салу үшін бөлінген жер телімдеріне (ИЖС) инженерлік инфрақұрылым желілерін тарту құрылысы;
7. Мақат кенті Газшылар ықшам ауданындағы алаңды қайта жаңарту құрылысы;
8. Доссор кентіндегі толықтай көшелер жарығының құрылысы және қайта жаңарту жұмыстары;
9. Бәйгетөбе ауылдық округіне қарасты елді-мекендерге (Бәйгетөбе ауылы, №402 бекеті, «Мұнайайдаушылар» ықшам ауданы) көше жарығын жүргізу;
10. Аудандағы полигон жолын жаңғырту және инфрақұрылымдық желілерін жүргізу;
11. Мақат кентінен Б.Тулекбаев, Бостандық, С.Әлиев, Е.Аманбердиев, Мұнайшы газеті көшелеріне балаларға арналған ойын алаңдарының құрылысы;
12. Доссор кентіндегі «Мұнай және газ колледжі» аймағына спорт алаңшасын салу жұмыстарын аяқтау;
13. Доссор кентіне кәріз жүйесіне арналған кәріз тазалау имаратын (КОС) салу жұмыстары;
14. Доссор кентіндегі вокзал перронына күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ