Атырауда 500 мың теңгеге жуық айыппұлын төлемеген жүргізуші анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
11 қаңтар күні сағат 18:00 шамасында, Атырау қаласы З.Қабдолов көшесінде маркасы Toyota Estima шетелдік тіркеу нөмірі бар автокөлік тексерілді. Тексеру барысында Қорғау ақпараттық жүйесі арқылы аталған көліктің төленбеген 443043 теңгені құрайтын 17 айыппұлы бар екені және жүргізуші борышкер есебінде тұрғаны анықталды. Аталған дерек негізінде, жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, көлігі айыппұл тұрағына қойылды.
"Құрметті жүргізушілер! Атырау қаласында автокөліктерді тексеру барысында жол қозғалысы ережелерін бұзған жағдайда айыппұлдар мен әкімшілік шаралар қолданылады. Әсіресе, төленбеген айыппұлдары бар жағдайда көліктер айыппұл тұрағына қойылуы мүмкін. Сондықтан, барлық жүргізушілерді өздерінің айыппұлдарын уақытында төлеп, заң талаптарына сай көлік құралдарын пайдалануына шақырамыз" дейді жол сақшылары.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ