Атырауда жол сақшылары қалың тұманда қалған мыңан астам көлікті сүйемелдеу арқылы жөнелтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырауда 13-14 қаңтар күндері облыс аумағын қалың тұман басып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қиындатты. 13 қаңтар күні түнгі уақытта республикалық маңызы бар Атырау-Орал, Атырау-Астрахань тасжолдарында жол тайғақтығы орын алып қозғалысқа шектеу енгізілді. Жол бойында жиналған 1000-нан астам көліктерді патрульдік полиция қызметкерлері сүйемелдеу арқылы жөнелтті. Қолайсыз ауа-райы кезінде жол-көлік оқиғасының алдын-алу мақсатында жол сақшылары үздіксіз түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
"Құрметті көлік жүргізушілері! Жолға шықпас бұрын көліктеріңіздің техникалық жағдайын тексеру қажеттігін еске саламыз. Ауа райы күрт өзгерген жағдайларды ескерту үшін алдын-ала жолданатын 112 арнасының хабарламаларына назар салуларыңызды сұраймыз!" дейді жол сақшылары.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ