Ақтөбе қаласындағы Мәскеу ауданында белгісіз біреу қызды кепілге алды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап.
Қазір келіссөз жүріп жатыр. Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 102-ге қоңырау түскен. Онда қызды кепілге алғаны туралы хабарлама болды.
— Жер үйлердің біріне белгісіз адам кіріп кеткен. Ол қызды кепілге алған. Оқиға орнына шұғыл қызметтің бәрі жетті, аумақ қоршауға алынды. Облыстық полиция департаментінің бастығы, қала прокуроры оқиға орнында жүр. Қазір келіссөз жүріп жатыр, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желі арқылы тараған видеодан жедел жәрдемнің, өрт сөндірушілер мен полицияның бірнеше бригадасын көруге болады.