ШҰҒЫЛ! Атырауда көлік қозғалысы шектелді

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"Құрметті жол қозғалысына қатысушылар назарына! Облыс аумағында тұманның қалың түсуіне байланысты республикалық маңызы бар Атырау-Орал тас жолының 14-189 және облыстық маңызы бар Атырау-Индер тас жолының 17-170 шақырым аралығында көлік қозғалысының барлық түріне шектеу енгізілді. Осы ретте, барлық жол қозғалысына қатысушылардан жол ережесін қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз" делінген хабарламада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ