Атырауда бір мектеп қашықтан оқыту режиміне көшті

Атырауда Нұрсая шағын ауданында орналасқан №37 Салық Зиманов атындағы мектепті электр энергиясымен қамтамасыз ететін жер асты тоқ желісінде ақауына байланысты қашықтан оқыту режиміне көшті.

"Нұрсая шағын ауданында орналасқан №37 Салық Зиманов атындағы мектепті электр энергиясымен қамтамасыз ететін жер асты тоқ желісінде ақау анықталды. Қазіргі уақытта мәселені жою бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жарық толық қалпына келтірілгеннен кейін мектеп өз қызметін штаттық режімде жалғастырады. Жұмыстардың аяқталуы мен жағдайдың тұрақталуы жергілікті билік пен тиісті мекемелердің бақылауында", - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.