Атырауда 200 мыңға жуық шабақ құтқарылды (+ФОТО)

Бақсай каналында жиналып қалған шабақтар мәселесі бақылауға алынды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

2025 жылғы 13 қаңтарда ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері әлеуметтік желіні бақылау барысында Атырау облысы Махамбет ауданындағы Бақсай каналында балықтардың жиналып қалғанын анықтады. Ал, 14 қаңтар күні аталған инспекция, экология департаменті, табиғи ресурстар және табиғат пайдалану басқармасы, балық шаруашылығы және ветеринариялық қызметтің ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері 180 мыңға жуық шабақты құтқарып қалды. Бұл ретте, зерттеулер жүргізу үшін су мен балықтан сынама алынды. Бұған судағы оттегі деңгейінің тым төмендеп кетуі себеп болуы мүмкін. Қазір белгіленген тәртіппен балықтарды жинау және кәдеге жарату жұмыстары жүргізілуде. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ