Пшон қайтып орала ма?

Атырау облысының тұрғыны Азамат Кенжеғалиев су тасқыны кезінде танымал болған және өткен жылдың желтоқсан айында қайтыс болған Пшон есімді иттің құрметіне темірден жасаған арт-мүсін жұмысын аяқтады, деп хабарлайды АtyrauРress тілшісі.

Азамат Кенжеғалиев - Индер ауданының тұрғыны, металдан түрлі туындылар жасайтын шебер ретінде белгілі. Оның бірегей жұмыстарының бірі - су тасқыны кезінде әйгілі болған және 2024 жылдың желтоқсанында өлтірілген Пшон есімді иттің арт-мүсіні. Шебер иттің өлімі туралы естіген соң бірнеше күннен кейін оның адалдығын көрсету үшін шебер жүрек тәрізді металл бөлшектерді қолданып, бір айда мүсін жасады.

"Мен мүсіншімін, өз жұмысымды халыққа көрсеткім келді. Пшон мүсінінің мәні, менің ойымша, жануарға деген жанашырлығымызды білдіру. Мүсіндегі жүректер - бұл желі қолданушыларының басқан лүпілдері. Сондай-ақ, мен шағын бөгет жасадым, бұл Пшонның басынан аяғына дейін ерікті ретінде тасқынмен күреске қатысқанын білдіреді. Мен өз жұмысым үшін ештеңе сұрамаймын, тек ерекше иттің атын мәңгілікке қалдырғым келеді" дейді Азамат.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі арт-мүсінге Махамбет ауданынан орын берілетінін хабарлады.

"Азамат Кенжеғалиев - ерікті, Индер ауданындағы түрлі бастамалардың авторы, шағын сәулет нысандарын жасау бойынша шебер, су тасқынына қарсы жұмыстарға белсенді қатысты" деп атап өтті облыс әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев.

Аман ШАМАР

Фото: Азамат Кенжеғалиев