Құрманғазы ауданында Шипажай және ПМК мөлтекаудандарын қосатын көпір жобасы бойынша құжаттамасы жасақталуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Құрманғазы ауылдық округіне қарасты Шипажай мен ПМК мөлтекаудандарын қосатын, Шарон өзені арқылы өтетін көпір құрылысының жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда. Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен анықтап білгеніміздей, қазір Мемлекеттік сатып алу Заңына сәйкес, мердігер мекеме "МПК-проект" ЖШС анықталып, келісімшарт жасалды. Тапсырыс беруші - Құрманғазы ауданы әкімдігі.
Жоба бойынша көпір ұзындығы - 200 метр, екі көпір құрылысы қоршауымен, бір шақырым ауылішілік жол, бір шақырым тротуар құрылысы, бір көше жарығы, жағалауды нығайту, алты жерде 1000 дм су өткізгіш құбырын орнату жұмыстары қамтылады. Жобаның жүзеге асырылуы 2026-2027 жылдарға жоспарланып отыр.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ