Мақатта заманауи аялдамалар мен бейнекамералар пайда болмақ

Жазда көлеңке, қыста ықтасын болатын аялдамалар тұрғындардың жайлы тұрмысы үшін де маңызды. Осы орайда, Мақат ауданында тың бастамалар қолға алынуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен білгеніміздей, ағымдағы жылы ауданның орталық көшелеріне замануи үлгідегі жаңа 54 автобус аялдамаларын салу жоспарланып отыр. Оның 28-і Мақат, 22-сі Доссор кентінде және 4-еуі Бәйгетөбе ауылдық округінде орналасатын болады. Мұндағы мақсат – қоғамдық көліктердің қозғалысын аудан тұрғындарының жүріп-тұруына оңтайландыру болып табылады.

Сондай-ақ, аудан көшелерін бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз ету - бүгінде басты назарда. Өйткені, ауданда 2024 жылы орын алған қылмыстар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 16,4 %-ға өскен. Осы ретте, биыл қоғамдық тәртіп мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аудан көшелеріне бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізілмек. Атап айтқанда, Мақат кентіне – 188, Доссор кентіне – 171 және Бәйгетөбе ауылдық округі көшелеріне – 20 бейнебақылау камералары орнатылады. Орнатылатын бейнекамералар аудан ішіндегі түрлі қылмыстың, құқық бұзушылықтардың алдын алуда көмегі зор болмақ.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Возможно, это изображение текст