Индерборда кірме жол жарықтандырылды

Индербор кентінің кіреберісі, яғни “Атырау-Индер” тас жолының "Индербор" белгісінен бастап, "Нэфтэк" жанармай құю бекетіне дейінгі жолдың жарықтандыру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

«АгроСтройИндер» ЖШС-нің мердігерлігімен ұзындығы 3751 метр кіреберіс жол бөлігінде 124 шамдары бар бетонды тірек орнатылды. Индербор кентінің келбетін келтіретін жарықтандыру жүйесі ең алдымен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, автокөліктердің малды қағу фактілерін азайтады.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше,өткен жылдары Бөдене және Өрлік ауылдарындағы кірме жолдары жарықтандырылған болатын. Іске асырылған бастамалар ауданымыздың инфрақұрылымын жақсарта отырып, заманауи және қолайлы өңірге айналуына ықпал етеді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ