Биыл Жылыой ауданында бірқатар жаңа нысандар құрылысы қолға алынуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Аудан әкімдігінен білгеніміздей, биыл ауылдық округтерде инфрақұрылымды дамыту, әкімшілік ғимаратын, мектеп, балабақша, мәдениет үйін, мектеп ауласына спорт алаңдарын салу, елдімекендерді абаттандыру, автотұрақ құрылысы және басқа да көптеген тың жобалар қолға алынбақ.
Ал, Құлсары қаласына мәдени-демалыс орталығын, архив ғимаратын, спорт залын, өрт сөндіру депосын салу көзделіп отыр.
Сонымен қатар, қалаішілік көлік жолдарын қайта қалпына келтіру, көше жарығын жүргізу, инфрақұрылым және абаттандыру, ойын алаңдарының құрылысы сияқты тағы бірқатар жаңа жобалар жасақталып жатыр. Олардың да құрылыс көп кешікпей басталатын болады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ