Мақат аудандық қорғаныс істері бөлімінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Ауданда биыл жасалатын маңызды жұмыстардың бірі – аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім ғимаратын күрделі жөңдеу. Былтыр аудан әкімі Азамат Саматұлы бұл мекемеге арнайы барып танысқан болатын. Аудан әкімдігінен білгеніміздей, аталған ғимарат 1974 жылы салынған, бүгінге дейін жөндеу жұмыстарын көрмеген. Ғимарат шатыры болмағандықтан көктем және күз айларында ішке су ағып, қызметкерлерге қиындық туғызады. Осы орайда, аталған мәселелерді шешу бағытында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге тиісті қаражат бөлінді. Құрылыс жұмыстары биыл жүргізілетін болады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ