Мақатта газ шаруашылығы 6328 тұрғынға қызмет көрсетеді

Жалпы газ-құбырлық желілер арқылы таратылады. Мақат Газ шаруашылығы аудан бойынша барлығы 6328 абонентке, соның ішінде 191 заңды тұлға мен 6137 жеке тұлғаға тоқтаусыз және қауіпсіз қызмет көрсетеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Мекемеде 1 автоматты газ тарату станциясы, 14 газ тарату пункті бар. Барлығына толықтай техникалық қызметтер және профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Мақат және Доссор кенті, сонымен қатар Бәйгетөбе ауылдық округі бойынша тұрғындар толықтай газбен қамтылған. Газ бағасы өткен жылдың қазан айында 9,4 теңгемен белгіленді. Ал аудан тұрғындарына тілсіз жаудың алдын алу және сақтану мақсатында үнемі рейдтік жұмыстар ұйымдастырылып, жадынамалар таратылып отырады.

Тұрмыстық газ адам үшін пайдалы ғана емес, сонымен бірге қауіп-қатердің көзі. Осы ретте тұрғын үйлердегі өрттердің алдын алу үшін электр құралдарын үнемі тексеріп тұруды, сапалы және сертификатталған техниканы пайдалануды, газ құралдарын пайдалану ережелерін сақтауды, тұрғын үйлерді немесе мекемелерді үйді өртке қарсы жүйелермен жабдықтауды ұсынамын. Сонымен қатар, әр абонент өз үйінде орналасқан газ қондырғысына және түтін мұржасына жыл сайын техникалық қызмет көрсету туралы құжатын мекемеге тапсыру қажеттігін қаперлеріңізге беремін. Қайткенменде, тілсіз жаудың алдын алу шараларын қатаң түрде ұстауымыз керек.

Ануар Кенжегарин,

«QAZAQGAZ AIMAQ» Акционерлік Қоғамы Атырау Өндірістік Филиалы Мақат Газ тарату шаруашылығы мекемесінің газ шаруашылық шебері