Қазақстанның екі өңірінде жер сілкінісі сезілді

17 қаңтарда Астана уақытымен 22:08-де сейсмикалық қызмет Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 220 шақырымда жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сейсмологтардың мәліметінше, тербеліс жиілігі:

Жетісу облысында, Жаркент қаласында - 2 балл;
Алматы облысы, Шонжы ауылында - 2 балл.

ТЖМ мәліметтері бойынша, зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.

Бұған дейін, 16 қаңтарда Алматыдан 109 шақырымда жер сілкінісі болған.