Ғизат Әліпов ауылында 100 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Құрманғазы ауданы Дыңғызыл ауылдық округі Ғизат Әліпов ауылында 100 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүруде. Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жоба бойынша мәдениет үйі грим, кітап сақтау, оқу, әкімшілік, ойын, күту және қосымша техникалық-санитарлық бөлмеден тұрады.
«ҚұрылысТаймКонтракт» ЖШС жүргізіп жатқан жұмыстармен аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Жасұлан Сүндетов танысып, мердігер мекеме өкілдерімен жүздесті. Қазіргі кезде нысан басында іргетасы толықтай құйылып, 1 қабатты ғимараттың тасы қаланып бола келді, жұмыстар осы бағытта қарқын ала бермек.
Анықтама үшін айта кетейік, Ғизат Әліпов ауылында 487 тұрғын бар.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ