Былтыр отқа оранған "Baizaar" сауда-ойын-сауық кешені өз жұмысын биыл ақпанда жандандырады деп күтілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы "Atyrau online" телеграм арнасы жазады. Өрт былтыр 27 қазанда сағат 18.37-де орын алып, төрт сағатқа созылған болатын. Осылайша, нысанның екінші қабатында мың шаршы метр аумақ отқа оранған еді. Абырой болғанда қайтыс болғандар мен зардап шеккендер болмады.
Сауда кешенінің әкімшілігі бүгінгі таңда қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын және жуық арада есігін айқара ашатынын жеткізіп отыр.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: "Baizaar"