Атырауда терезеден түсіп алтын ұрлаған күдікті 10 млн теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау қаласында тұрғын үйлердің пластикалық терезесін белгісіз затпен ығыстырып ашу арқылы үй ішінен жалпы сомасы 10,3 млн теңге тұратын әртүрлі алтын бұйымдарды ұрлаған күдікті ұсталды. Облыстық ПД баспасөз қызметінен білгеніміздей, тексеру барысында 35 жастағы күдікті ұрлаған алтын бұйымдарды қала аумағында орналасқан әртүрлі ломбард мекемелеріне тапсырғаны анықталды. Жәбірленуші ломбард мекемелерінен заттай дәлелдеме ретінде алынған жеті алтын бұйымды өзінің үйінен ұрланғанын растады. Қазір аталған дерек бойынша №2 Атырау қалалық полиция бөлімінде кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ